CreditPlus және Credit365 компаниялары Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығымен (АМФОК) және басқа да бизнес өкілдерімен бірлесіп, бизнестің тұрақты дамуын қолдау және ілгерілету аясында Алматы қаласында ағаштар отырғызды.
Бұл акция ESG қағидаттары аясында ұйымдастырылды. ESG тұжырымдамасы бизнестің қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін, әлеуметтік жауапкершілікті және корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін қамтиды. Соңғы жылдары қазақстандық компаниялар тұрақты даму стратегиясын белсенді қолдап, оны өз қызметіне енгізіп келеді.
Данная акция организована в рамках принципов ESG. Концепция ESG включает в себя ответственность бизнеса перед окружающей средой, социальную ответственность и высокое качество управления. В последние годы казахстанские компании активно поддерживают стратегию устойчивого развития и активно внедряют ее в свою деятельность.
АМФОК, CreditPlus, Credit365 және басқа да компаниялардың басшылығы мен қызметкерлері ағаш отырғызуға қатысты.
“Бұл акцияға қатысу – біздің тұрақты даму стратегиямыздың және корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлігі. Қала мен оның тұрғындарына қамқорлық жасау – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бөлігі деп санаймын. Ағаш отырғызу пайда әкеліп, жақсы дәстүрге айналады деп үміттенемін», – деді CreditPlus компаниясының бас директоры Андрей Микитенко.
CreditPlus, акцияға қатысқан басқа МҚҰ-лар сияқты, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласында бизнестің тұрақты дамуына бағытталған.
Экологиялық бастамалар CreditPlus және Credit365 компанияларының тәжірибесінде бұрыннан бар және Алматыны көгалдандыру мен қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.