Қосылыңыз

Біз туралы

«Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – ҚМҰҚ) коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметі өз мүшелерінің және тұтастай алғанда Қазақстанның микроқаржы секторының мүдделерін нығайтуға және ілгерілетуге бағытталған.
ҚМҰҚ 2004 жылғы ақпанда Қазақстанның жетекші микроқаржы ұйымдарының бастамасымен құрылды. ҚМҰҚ – Қазақстан Республикасында микроқаржыландыруды дамытуға мүдделі ұйымдарды біріктіретін жалғыз салалық одақ. Қазіргі уақытта Қауымдастық қаржы нарығының бірқатар шетелдік қатысушыларымен серіктестік орнатқан.
Миссиясы – кедейлікті азайту және экономикалық өсуді қолдау мақсатында халықтың қаржылық қызметтерге тұрақты қол жеткізуі үшін микроқаржы секторын дамыту.
Мақсаттар:
  • Республиканың қаржы жүйесінің бөлігі ретінде микроқаржы секторының дамуы
  • ҚМҰҚ мүшелерінің әлеуетін, тиімділігін және өнімділігін күшейту
  • Республикада микроқаржыландырудың тұрақты жүйесін құру мақсатында микроқаржы саласындағы заңнаманы жетілдіру
ҚМҰҚ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген, сондай-ақ мыналардың мүшесі болып табылады:
  • Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД елдері үшін микроқаржы орталығы, Польша;
  • «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ;
  • «Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы» ЗТБ.

ҚМҰҚ командасы

Омарханов Ербол Секенович

Кеңес төрағасы

Нурканов Айдар Аянұлы

Атқарушы директор

Туякова Адель

Кеңес төрағасының орынбасары

Тасмагамбетова Зауреш Жанабергеновна

Бас бухгалтер

Адилжан Адина Асылбекқызы

Координатор

Ерланова Жанель Ерлановна

Іс басқарушы

ҚМҰҚ Кеңесінің мүшелері

Біздің сертификаттар