Управление государственных доходов по Енбекшиказахскому району
предоставляет информацию о продуктах КГД для оперативной помощи населения и информирования граждан.
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"
Есик қаласы Алтын Адам Аллеясы 155.
Телефон: (8-72775)7-50-51,2-06-84.
https://instagram.com/enbekshikazakh_audany_mkb?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://t.me/mkb_enbekshikazakh
https://www.facebook.com/profile.php?id=100088883083179&mibextid=LQQJ4d
Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері
Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (1-кезең) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) келесі тұлғалар тапсырады:
- жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды тұлғалар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар.
Екінші кезең
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялау мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайларына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайларына қолданылады.
Үшінші кезең
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялау заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен олардың жұбайларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларына қолданылады.
Төртінші кезең
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялау азаматтардың қалған барлық санаттарына қолданылады.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.