Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен ОМБУДСМАН институтын құрғанын, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларына қолдау көрсету үшін автоматтандырылған байланыс орталығын іске қосқанын хабарлауға қуаныштымыз.
Микроқаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау орталығы МҚҰ клиенттерінің шағымдары мен өтініштерін қабылдап, қарыз алушылардың проблемалық мәселелерін МҚҰ-мен тікелей байланыс арқылы жедел түрде шешетін болады. МҚҰ омбудсманы және байланыс орталығы туралы толық ақпаратпен https://mfohelp.kz/ сайтында таныса аласыз.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.