Қосылыңыз

АМФОК өзінің 20 жылдығын атап өтіп, нарық қатысушыларын «Қазақстанның микроқаржылық секторы: тұрақты дамудың 20 жылы» атты мерейтойлық форумға шақырады.

Алматы                                                                                          Шілде «01», 2024 жылғы

 

Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (АМФОК) 2004 жылғы ақпан айында алты жетекші МҚҰ-ның бастамасымен олардың микрокредиттеу секторындағы мүдделерін қорғау мақсатында құрылған. Соңғы екі онжылдық ішінде АМФОК құрамына кіретін отандық МҚҰ еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Атап айтқанда, олар кәсіпкерлерге, соның ішінде ауылдық өңірлердегі бизнес өкілдеріне микроқаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынып, қаржылық инклюзия деңгейін арттыруда. Осы тұрғыда АМФОК қызметі — саланың дамуына елеулі үлес қосатын тиімді өзін-өзі реттеу жүйесінің айқын үлгісі болып табылады.

 

Бүгінгі таңда АМФОК құрамына 64 МҚҰ, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазпошта» АҚ және Бірінші кредиттік бюроны қоса алғанда, тоғыз қауымдастырылған мүше кіреді. Олар жиынтық кредиттік портфельдің 87%-ын құрайды. Қауымдастықтың негізгі ағымдағы міндеттері — Қазақстанның қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде микроқаржы секторын дамыту, микроқаржыландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру және АМФОК мүшелерінің әлеуетін арттыру.

 

Қауымдастық директоры Ербол Омархановтың айтуынша, құрылған сәттен бастап микрокредиттеу секторын дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, нарықты дамыту мен шоғырландыру мәселелерінде жоғары тиімділік байқалады. Атап айтқанда, АМФОК қазақстандық заңнамаға енгізілетін түзетулерді, облигациялар шығару мәселелерін, микроқаржылық қызметті лицензиялау режимін енгізуді және МҚҰ-ның коммерциялық банкке трансформациялану мүмкіндіктерін талқылауға белсенді қатысады.

 

«Қазақстандағы МҚҰ дамуының 20 жылдан астам тарихына көз жүгіртсек, микрокредиттеу секторы еліміздің қаржы жүйесінде өз орнын тауып қана қоймай, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту құралы ретінде өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеді. Сонымен қатар, микроқаржы секторының трансформациясы біртіндеп, эволюциялық түрде жүзеге асты. Олар коммерциялық емес ұйымдардан, қорлар мен гранттық жобалардан бастап, банктік лицензия алу мүмкіндігіне дейінгі жолдан өтті», — деді Омарханов мырза.

 

Қазақстандағы МҚҰ секторы осы салада тәртіп орнатуға бағытталған кезекті трансформация кезеңінде тұрғанын ескере отырып, АМФОК қазіргі уақытта нарық қатысушылары мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретінде маңызды рөл атқарады. Мысалы, қауымдастық микроқаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғауды күшейту, соның ішінде өзін-өзі реттеу институтын және микроқаржылық омбудсман институтын енгізу сияқты маңызды мәселелерді талқылауға қатысуда.

 

2024 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында өтетін «Қазақстанның микроқаржылық секторы: тұрақты дамудың 20 жылы» атты форум аясында микрокредиттеу саласындағы негізгі жетістіктер мен даму перспективаларын талқылау жоспарлануда. Форум барысында жетекші МҚҰ, реттеуші органдар және нарықтың жүйе құраушы субъектілерінің өкілдері кәсіпкерлікті қолдау және қаржылық инклюзияны дамыту құралы ретінде микрокредиттеуді пайдалану, МҚҰ-ны халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сәйкес әлеуметтік жауапты әрі ашық сектор ретінде дамыту, ESG қағидаттарын енгізу, сондай-ақ микроқаржылық қызметті реттеудегі жаңа трендтерге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылайды.

 

Нарық қатысушыларының пікірлері әртүрлі болғанымен, барлығы микрокредиттеу секторы өзінің негізгі миссиясын — азаматтардың іскерлік белсенділігін дамыту және кәсіпкерлікті қолдау бағытын сақтай отырып, дәстүрлі форматта дамуы тиіс деген ортақ пікірде.

Сонымен қатар, МҚҰ-мен бірге АМФОК нарықтағы кез келген өзгерістер мен трансформацияларға, егер олар сектордың, тұтынушылардың және мемлекеттің мүдделеріне сай келсе, дайын екенін білдіреді.

Форумға АМФОК төрағасы Шалқар Жүсіпов, директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ербол Омарханов және қауымдастық директорлары қатысады деп күтілуде. Форумды құттықтау сөзімен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова ашады. Дискуссиялық сессияларға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева, Қазақстандағы USAID/FGI жобасының жетекшісі Антон Зиновьев, Kazpost Digital басқарушы директоры Әсем Болатжан, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамберген, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС бас директоры Руслан Омаров, сондай-ақ Қазақстанның жетекші МҚҰ басшылары мен шетелдік қонақтар қатысады деп күтілуде. Форумға тіркелу: https://forum-2024.amfok.kz/.

 

 

Другие новости