Алматы 2024 жылғы «01» шілде
Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы (ҚМҚҰҚ) 2004 жылғы ақпан айында алты жетекші МҚҰ-ның бастамасы бойынша олардың микрокредиттеу секторындағы мүдделерін қорғау мақсатында құрылған. Соңғы екі онжылдық ішінде ҚМҚҰҚ құрамына кіретін отандық МҚҰ еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның ішінде олар кәсіпкерлерге, оның ішінде ауылдық аймақтардағы бизнес өкілдеріне микроқаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынып, қаржылық инклюзия деңгейі жоғарылатады. Бұл ретте ҚМҚҰҚ қызметі – бұл сектордың дамуына елеулі үлес қосатын тиімді салалық өзін-өзі ұйымдастырудың жарқын мысалы.
Бүгінгі таңда ҚМҚҰҚ-ның құрамына 64 МҚҰ, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен Бірінші кредиттік бюроны қоса алғанда, тоғыз қауымдастырылған мүше кіреді және олар кредиттік портельдің 87% мөлшеріндегі нарықтық үлесін құрайды. Қауымдастықтың негізгі ағымдағы міндеттері - Қазақстанның қаржылық жүйесінің бөлігі ретінде микроқаржылық секторды дамыту, микроқаржыландыру саласындағы заңнаманы жетілдіру мен ҚМҚҰҚ мүшелерінің әлеуетін дамыту.
Қауымдастықтың директоры Ербол Омархановтың пікірінше, ҚМҚҰҚ құрылған сәттен бастап микрокредиттеу секторын дамыту мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қолайлы шарттарды қалыптастыру мақсатында үлкен жұмыс жүргізіліп келеді. Бұған қоса нарықты дамыту мен шоғырландыру сұрақтары бойынша жоғары тиімділік байқалады. Оның ішінде ҚМҚҰҚ қазақстандық заңнамаға енгізілетін түзетулерді, облигациялардың шығарылымы, микроқаржылық қызметті лицензиялау режимін енгізу және МҚҰ-ның коммерциялық банкке трансформациялау мүмкіндіктері секілді сұрақтарды талқылауға белсенді түрде қатысады.
«МҚҰ-ның Қазақстандағы дамуының 20 жылдан аса тарихына қарасақ, микрокредиттеу секторы еліміздің қаржылық жүйесінде өзінің орнын тауып қана қоймай, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту құралы ретінде тиімділігі мен қажеттілігін растады. Бұл ретте микроқаржылық сектордың трансформация біртіндеп, эволюция заңдарына сәйкес өтті. Олар коммерциялық емес ұйымдардан, қорлар мен гранттық жобалардан бастап, МҚҰ-мен банктік лицензияны алу мүмкіндігіне дейінгі жолды өтті», - деді Омарханов мырза.
Қазақстандағы МҚҰ секторы осы салада тәртіпті орнатуға бағытталған кезекті түрлендірулер жолында тұрғанын ескеретін болсақ, ҚМҚҰҚ бүгінгі таңда сала қатысушылары мен мемлекет арасындағы байланыстыратын құрал ретінде маңызды рөлді атқарады. Мысалы, қауымдастық микроқаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғауды МҚҰ өзін-өзі реттеу институты мен микроқаржылық омбудсменді енгізу арқылы арттыру секілді аса маңызды сұрақтарды талқылауға қатыса бастады.
Алматы қ. 4 шілдеде өтетін «Қазақстанның микроқаржылық секторы: тұрақты дамудың 20 жылы» атты форум шеңберінде микрокредиттеу секторын дамыту саласындағы негізгі жетістіктер мен перспективаларды талқылау жоспарланып отыр. Оның ішінде жетекші МҚҰ-ның, реттеуші органдар мен нарықтың жүйені құрайтын субъектілерінің өкілдері кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен қаржылық инклюзияны дамыту құралы ретінде микрокредиттеуді пайдаланумен, МҚҰ-ны ары қарай үздік халықаралық стандарттар мен практикаларға бағытталған қаржылық қызметтердің әлеуметтік жауапты және ашық сектор ретінде ары қарай дамытумен, ESG қағидаттарының интеграциясына, сонымен қатар микроқаржылық қызметті реттеудегі жаңа трендтермен байланысты кең ауқымды сұрақтар талқыланады деп күтілуде.
Нарықтың кез келген өкілінің аталған сұрақтар бойынша жеке пікірінің болуына қарамастан, микрокредиттеу секторы өзінің негізгі миссиясын, азаматтардың іскерлік белсенділігін дамыту мен кәсіпкерлік салаға қолдау көрсету секілді мақсаттарын ұстана отырып, өзіндік дәстүрлі нысанда дамуы қажет деген пікірмен келіседі.
Бұл ретте МҚҰ-мен қатар ҚМҚҰҚ нарықтағы кез келген өзгерістер мен түрлендірулерге, егер олар сектордың, тұтынушылар мен мемлекеттің мүдделеріне жауап берсе, дайын.
Форумға ҚМҚҰҚ басшысы Шалқар Жүсіпов, Директорлар кеңесінің орынбасары Ербол Омарханов, қауымдастық директорлары қатысады деп күтілуде. Форумды құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Абылкасымова, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова ашады. Дискуссиялық сессиялар шеңберінде форум спикерлері қатарында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева, Қазақстандағы USAID/FGI жобасының жетекшісі Антон Зиновьев, Kazpost Digital басқарушы директоры Асем Болатжан, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Басқарма төрағасы Алина Алдамберген, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-ның бас директоры Руслан Омаров, сондай-ақ Қазақстанның жетекші МҚҰ жетекшілері мен шетелдік қонақтар болады. Форумға https://forum-2024.amfok.kz/ сілтемесі бойынша сайт арқылы тіркелуге болады.
Copyright © 2005 - 2024 Ассоциация микрофинансовых организаций Казахстана. Все права защищены.