Қосылыңыз

АПК саласындағы жобаларға микрокредиттерді ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары ала алады

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға микрокредиттерді ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары ала алады

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттеу үшін облыстық бюджеттерді несиелеудің негізгі шарттарын бекіту туралы тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Қаулы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға жағдай жасау және экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету арқылы ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жұмыстар аясында қабылданды.

Оны іске асыруға 40 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты қарастырылған, бұл қаражат агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды микрокредиттеуге бағытталады.

Несиелеу операторы ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ белгіленді. Бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және оларды республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген.

Дереккөз: dknews.kz

 

Другие новости