2025 жылғы 15 мамырда «DEBEX» ЖШС (https://debex.kz платформасы) банктік және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңының (ЭСА) операторы қызметін жүзеге асыруға ресми рұқсат алды.
Бұл мәртебе Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 97-VIII «Кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын және атқарушылық өндірісті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес берілді. Заң банктік және микроқаржы активтерін тек мамандандырылған ЭСА арқылы сатуды міндеттейді.
Debex платформасы активтер портфельдерімен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы әрі технологиялық дамыған құрал ретінде өзін көрсетті. Оның негізгі артықшылықтары:
Әртүрлі қатысушылардың мүдделерін ескеретін қолайлы және ашық тарифтік шарттар;
Навигация мен процестерді басқаруды жеңілдететін интуитивті түсінікті интерфейс;
Пайдаланушыларға кәсіби қолдау: әрбір клиентке жеке аккаунт-менеджер ұсынылады;
Жедел коммуникация — кіріктірілген чаттардың арқасында портфельдер бойынша мәселелер тез әрі нақты шешіледі;
Қауіпсіз құжат айналымы: қорғалған бұлттық диск арқылы ақпарат алмасу және құжаттардың өзектілігін бақылау ыңғайлы ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, платформа клиентке бағдарланудың және икемділіктің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл жаңа реттеу талаптарына көшу жағдайында ерекше маңызды.
Платформада тіркелу және жұмыс істеу бойынша қосымша ақпаратты +7 (727) 345 47 19 телефоны арқылы алуға болады:
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.