Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының құрамына кіретін микроқаржы ұйымдары микрокредиттеу нарығында МҚҰ-лардың этикалық және адал мінез-құлық қағидаттарын күшейту мақсатында Іскерлік этика кодексін бекітті.
АМФОК мүшелері заңнаманың қатаюы нарықтағы адал емес және жауапсыз мінез-құлықпен, сондай-ақ кейбір қатысушылардың реттеуші талаптарын айналып өтіп, жол берген теріс пайдалануларымен тікелей байланысты екенін түсінеді. Бұзушылықтар мен теріс пайдаланулар қаншалықты көп болса, реттеушінің жауап шаралары да соншалықты қатаң болады. Бұл — дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
Осыған байланысты Этика кодексінде белгіленген нормалар декларативті ниеттер ғана емес, микрофинанс қызметін реттеудің тұрақты әрі қолайлы құқықтық режимінің кепіліне айналуы тиіс.
Мысалы, өз уақытында дәл АМФОК міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу бастамасымен шыққан болатын. Бүгінгі күні Қаржылық реттеу агенттігінің деректеріне сәйкес, алаяқтық фактілерінің саны 5,5 есеге төмендеді.
Сондықтан аталған бастама да өз оң нәтижелерін береді деп үміттенеміз.
Қауымдастық мүшелері пайда үшін «осы жерде және қазір» қағидатына сүйенетін қысқа мерзімді мүдделерге емес, МҚҰ нарығының ұзақ мерзімді және стратегиялық дамуына мүдделі.
АМФОК-қа мүше болу компанияның ашықтығының эталонына, кредиттеу нарығында этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауына адалдығының көрсеткішіне, демек инвесторлар, іскерлік серіктестер, қоғам және мемлекет тарапынан сенімнің белгісіне айналуы тиіс.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.