Қосылыңыз

АМФОК пен «Қазпошта» АҚ ауылдық жерлерде микрокредиттеуді кеңейту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2021 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
«Екінші деңгейлі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылдық жерлерде қаржы салмайды. Сондықтан микрокаржылық ұйымдардың әлеуетін пайдалану керек. Олар жергілікті жерлерде жұмыс істейді, клиенттерін, олардың бизнесін және мүмкіндіктерін жақсы біледі», – деп атап өтті.

Президент Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстанның Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (АМФОК) ауылдық жерлерде микрокредиттеуді кеңейту үшін «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«Қазпошта» АҚ ауылдық жерлерде кең таралған пошта бөлімшелері желісіне ие (3 172 бөлімше). Қазақстанда ауыл тұрғындарының үлесі 41% екенін ескере отырып, МҚҰ-ның «Қазпошта» АҚ-пен бірлесе жұмыс істеуі ауылдық өңірлерде қызметін жүзеге асыратын микробизнес субъектілерінің қамтылуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні «Қазпошта» АҚ 3 172 пошта бөлімшесіне ие және МҚҰ-ға келесі қызметтерді ұсына алады:

  • төлемдерді қабылдау;

  • агенттік қызметтер көрсету;

  • есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету;

  • интернет-банкинг;

  • жеке және заңды тұлғалар үшін төлем карталарын шығару және қызмет көрсету;

  • POS mobile – кез келген NFC модулі бар смартфонды қосымша жабдықсыз POS-терминалға айналдыратын мобильді қосымша, бұл тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін байланыссыз төлемдерді қабылдауды жеңілдетеді;

  • PayPost интернет-эквайрингі;

  • жалақы жобалары;

  • кез келген төлем картасына онлайн ақша аудару және пошта бөлімшелерінде онлайн ақша беру.

«Қазпошта» АҚ клиенттерге барлық қаржылық, пошта және агенттік қызметтер спектрін ұсына отырып, әлеуметтік жауапкершілікті атқарады. Сондықтан ортақ әлеуметтік бағытталған мақсаттарды ескере отырып, біз ауылдық жерлерде тұратын азаматтарды қоса алғанда, еліміздің барлық тұрғындары үшін тиімді ынтымақтастық орнайды деп үміттенеміз.

Другие новости