АМФОК Қырғызстандағы әріптестеріміз ұйымдастырған Ыстықкөл жағалауында өткен «СЕРІКТЕСТІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» атты Орталық Азия елдерінің микроқаржы ұйымдарының II саммитіне қатысты.
Саммиттің негізгі тақырыбы — әлеуметтік жауапты кредиттеу және ESG қағидаттарын дамыту болды.
Бұл саммит Орталық Азия елдерінің МҚҰ қауымдастықтарының бірігуінің нәтижесі болып табылады және оның мақсаты — микроқаржы ұйымдарында экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық мәселелерді шешуге бағытталған басқару стандарттарын енгізу.
МҚҰ қауымдастықтарының ортақ күн тәртібі аясында бірігуіне 2022 жылы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің алғашқы МҚҰ саммитін өткізу арқылы негіз қаланды.
МҚҰ қауымдастықтарының басты мақсаты — ESG стандарттарына сәйкес келетін, шағын және орта бизнесті қолдауға, іскерлік белсенділікті арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ашық әрі әлеуметтік жауапты микроқаржы нарығын дамыту.
Бірлікте — өркендеуге!
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.