Қосылыңыз

Ыстанбұлдағы 29-шы MFC микроқаржыландыру форумы

 

29–30 маусым күндері Ыстанбұлда Микроқаржы орталығы ұйымдастырған Микроқаржы форумы өтті. AMFOK осы орталықтың мүшесі болып көп жылдан бері табылады. Бұл — Польшадағы Варшава қаласында орналасқан және Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінен 100-ден астам қауымдастықтар мен микроқаржы ұйымдарын біріктіретін еуропалық платформа. Конференцияның тақырыбы қазақстандық МҚҰ үшін өте өзекті болды: «Белгісіздік кезеңіндегі инвестициялар». Іс-шара барысында жетекші инвестициялық компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, олардың негізгі мақсаты Қазақстанның микроқаржы секторына инвестициялар тарту болды. 

Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы Орталық Азия елдерінің МҚҰ қауымдастықтарының Үйлестіру кеңесін құру бастамасын ұсынды, бұл бастама Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы әріптестер тарапынан қолдау тапты. Конференцияның басты оқиғаларының бірі Орталық Азия елдерінің МҚҰ қауымдастықтары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. 

Меморандумның міндеттері: 

1) микроқаржы секторын дамытуға арналған ұлттық бағдарламаларды ілгерілету бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу.
2) микроқаржыландырудың жалпы қабылданған тәжірибелері мен құндылықтарын ілгерілету, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей:
a. МҚҰ-да әлеуметтік әсерді басқару;
b. халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;
c. халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру;
d. қаржылық инклюзия;
e. smart campaign бастамалары және т.б.
3) өңірдегі МҚҰ-ларды қолдау және дамыту үшін орталықтандырылған әрі технологиялық хаб құру;
4) микроқаржыландырудың үздік тәжірибелерін ілгерілету;
5) соңғы бенефициарлардың, оның ішінде микроқаржы өнімдері мен қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін ескере отырып, микроқаржыландыру құндылықтарын ілгерілету;
6) сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мақсатында инвестициялық компанияларға қолжетімділікті ұйымдастыру және оған жәрдемдесу;
7) адамдық, қаржылық және технологиялық капиталдың қозғалысын қамтамасыз ету және жеңілдету үшін «магистральдық» коммуникациялық желіні дамыту;
8) өңірлік конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.

AMFOK, осы бірлестіктің бастамашысы ретінде, Алматы қаласында Орталық Азия МҚҰ форумын өткізуді ұсынды. Ұсынысты басқа елдердегі әріптестер қолдады. Форумға Еуропадан инвесторлар, сондай-ақ ірі халықаралық қаржы институттары да шақырылды.  

Біз маңызды іс-шараны өткізуге дайындалудамыз. Барлық мүдделі тараптардың ұсыныстары мен қатысуын қуана қарсы аламыз!

Другие новости