Қосылыңыз

Онлайн-кредиттеуге тыйым салу МҚҰ-ларды көлеңкелі секторға әкетуі мүмкін – қаржы реттеушісі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың шамадан тыс қарыздануына және алаяқтық әрекеттерге ықпал ететін фактор ретінде онлайн-кредиттеуге тыйым салуды ұсынған «Ақ жол» фракциясы депутаттарының сауалына жауап берді.

«Онлайн-микрокредиттеудің осы түріне заңнамалық тыйым енгізу қолданыстағы барлық онлайн-микрокредит беру компанияларының жабылуына және онлайн-микрокредиттер беру бойынша көлеңкелі сектордың қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Микрокредиттеу сегментін реттеуді қатаңдату бойынша қабылданған заңнамалық және реттеушілік шараларды, оның ішінде негізгі қарыз сомасынан артық төлемді 50%-ға дейін төмендетуді, борыштық жүктеме коэффициентін есептеу мен сақтауды, сыйақы мөлшерлемесін азайтуды және микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеу рәсімін енгізуді ескере отырып, агенттік жағдайды тұрақты түрде мониторингтеуді және халықтың қарыздану деңгейін бағалауды жалғастыратын болады», – делінген жауапта.

Қаржы реттеушісі қазіргі уақытта экономикалық тұрғыдан дамыған және дамушы көптеген елдерде тұтынушылық онлайн-микрокредиттеу сегменті бар екенін атап өтті.

«Онлайн-микрокредиттеуге тыйым салу мәселесі микрофинанс нарығы субъектілерінің мүдделері мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тұрғысынан қарастырылуы тиіс», – деп көрсетілген жауапта.

Другие новости