Қосылыңыз

Verigram компаниясының биометриялық технологиясы iBeta Level 2 сынақтарынан өтті

ҚМҰҚ-тың қауымдастырылған мүшесі Verigram компаниясы тұлғаның шынайылығын анықтау (Liveness Detection) технологиясының халықаралық iBeta Level 2 сынақтарынан өткенін хабарлады.

Сынақтарды америкалық тәуелсіз iBeta Quality Assurance зертханасы ISO/IEC 30107-3 стандартына сәйкес жүргізді.

Компания мәліметінше, сынақ барысында анықталмай қалған биометриялық шабуылдардың үлесі 0%-ды құрады.

Мұндай технологиялар клиенттерді қашықтан сәйкестендіру кезінде адамның нақты қатысуын тексеруге мүмкіндік береді. Қаржы ұйымдары үшін бұл жеке тұлғаны қолдан жасау арқылы жасалатын алаяқтық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар