Қосылыңыз

Агроөнеркәсіптік кешеннің кредиттік серіктестіктері қауымдастығының он жылдығына арналған Кредиттік серіктестіктердің V форумына қатысу

10 тамызда ҚМҰҚ Агроөнеркәсіптік кешеннің кредиттік серіктестіктері қауымдастығының он жылдығына арналған Кредиттік серіктестіктердің V форумына қатысты.

Біздің қауымдастықтарымызды ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржылық қолдау жөніндегі ортақ мақсаттарға қол жеткізуге негізделген ұзақ әрі берік қарым-қатынас байланыстырады.

Кредиттік серіктестіктер қауымдастығының МҚҰ қауымдастығы мүдделі болып отырған маңызды жобаларының бірі – жақын болашақта Аппекстік қор құру. Аппекстік қор АӨК-ті және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі саласында жұмыс істейтін ШОБ-ты кредиттеуді дамытуға жаңа серпін береді деп үміттенеміз.

АӨК кредиттік серіктестіктері қауымдастығына өркендеу, барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізу және табыс тілейміз!

Басқа жаңалықтар