16 қыркүйекте ҚМҰҚ мүшелері арасында Ассоциация біріншілігіне арналған дәстүрлі футбол турнирі өтетінін хабарлаймыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, «FOOTBALL LAND» спорт кешені, Ақан Сері көшесі, 156
Сондай-ақ «АФР», «Даму» және басқа да ұйымдардың командалары шақырылады.
PR және жарнама аясында қызығушылық танытқан МҚҰ турнирдің ресми демеушілері бола алады. Демеушілер туралы ақпарат негізгі баннерде, турнир туралы бейнероликте және ҚМҰҚ әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдарда орналастырылады. Демеуші ретінде қатысу құны — 200 000 теңге. Қызығушылық болған жағдайда, келесі аптаның дүйсенбі күнінің соңына дейін ҚМҰҚ-қа өтінім жолдауларыңызды сұраймыз.