2019 жылы іске қосылған «BIKESH» бағдарламасы аясындағы «Сырласу» семинарлар сериясы бүгінде қалалық және ауылдық өңірлерден 500-ден астам әйелді қамтып, оларға бизнесті табысты дамытуға қажетті білім мен құралдарды ұсынды. Бұл білім беру бастамасы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып, Қазақстандағы әйелдердің экономикалық рөлін нығайтуға деген ұмтылысты білдіреді. «BIKESH» атты арнайы бағдарлама қаржылық және қаржылық емес қызметтерді біріктіріп, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін әйелдерге бағытталған.
Қазақстан нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан «Arnur Credit» МҚҰ Оңтүстік Қазақстандағы экономикалық белсенді халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған миссиясын заманауи микроқаржылық қызметтерді ұсыну арқылы жалғастыруда.
Церемония ресми жағдайда өтті. Бағдарламаның ең белсенді қатысушысына 500 000 теңге көлеміндегі сертификат және ЕҚДБ тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шараға ЕҚДБ, «Қолдау-Береке» қоры және Франкфурт қаржы және менеджмент мектебінің өкілдері қатысты.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.