Шалқар Аманғосұлы, қазан айының соңында Мәжілісте халықтың қарыздану мәселесі көтеріліп, оны төмендету шаралары ұсынылды. Бұл мәселеде микроқаржы ұйымдарының рөлі қандай?
– Біз реттеушінің халықтың шамадан тыс қарыздануын азайтуға бағытталған бастамаларын қолдаймыз. Сонымен қатар, Мәжілісте сөз нақты жеке тұлғаларға берілетін кепілсіз тұтынушылық кредиттер, соның ішінде «жалақыға дейінгі» займдар туралы болғанын атап өткім келеді. Мұндай займдар микрокредиттер деп аталғанымен, дәстүрлі МҚҰ беретін қаражат пен PDL компаниялары беретін қысқа мерзімді займдардың айырмашылығын түсіну маңызды.
«KMF» — 26 жылдан бері микро, шағын және орта бизнесті қаржыландырып келе жатқан классикалық ұйым. Біздің портфельде займдардың шамамен 90%-ы кәсіпкерлік қызметке бағытталған. Біз тұтынушылардың уақытша қажеттіліктерін қаржыландыруды қолдамаймыз, біз үшін клиенттердің қаражатты өз бизнесін дамытуға бағыттауы маңызды. Қарыз алушылардың мүддесі біз үшін ең басты орында. «KMF» клиенттерді қорғау қағидаттарына сәйкес әрекет ететін әлеуметтік бағытталған ұйым ретінде халықаралық деңгейде мойындалған санаулы компаниялардың бірі. Осы тәсілдің арқасында біз ЕҚДБ, АДБ, IFC, Proparco сияқты халықаралық қаржы институттарымен ұзақ мерзімді серіктестік орнаттық. Бұл ұйымдар тек ашық әрі нақты стратегиясы бар компанияларды қаржыланд.
Айта кету керек, біз нарықта 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, ал халықтың қарыздануы туралы тек соңғы бірнеше жылда — тұтынушылық кредиттеудің қарқынды өсу кезеңінде ғана айтыла бастады. Бұл өсімге біздің қызметіміз айтарлықтай әсер етпейді. Әрине, микроқаржыландыру дамуы тиіс, бірақ кредит нарығының барлық қатысушылары тең жағдайларда жұмыс істеуі қажет.
«KMF»-тегі мерзімі өткен займдардың үлесі қандай?
– Біздің тәуекел портфеліміз әрқашан ең теңгерімді портфельдердің бірі болып келеді. «KMF»-тегі NPL деңгейі 4,4%-дан аспайды. Салыстыру үшін, МҚҰ бойынша бұл көрсеткіш шамамен 5%. Біздің клиенттеріміз — негізінен ауылдық жерлердегі шағын бизнес иелері.
Қаражат бермес бұрын біз олардың төлем қабілеттілігін мұқият бағалаймыз. Менеджерлеріміз клиенттерге барып, жер телімдерін, мал басын және басқа да активтерді тексереді. Бұл біріншіден сапалы портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді, екіншіден әр клиентке жеке әрі адамға бағытталған тәсілді қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде клиенттердің адалдығы мен төлем тәртібін арттырады.
Бұл классикалық МҚҰ-ларды PDL компанияларынан ерекшелендіреді. Алайда «жаман» кредиттердің көлеңкесі бүкіл микроқаржы саласына түсіп отыр. Біздің ойымызша, бұл саланы дәстүрлі микрокредиттеу және PDL займдары деп нақты бөлу қажет.
Біздің портфельдің негізгі бөлігі кәсіпкерлік займдарға тиесілі. Сіздер қандай салаларды қаржыландырасыздар?
– Біз сауда, қызмет көрсету, өндіріс, ауыл шаруашылығы салаларын қаржыландырамыз және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаймыз. Займдардың 40%-дан астамы агросекторға тиесілі. Сонымен қатар, біздің бөлімшелеріміз ең шалғай елді мекендерде де жұмыс істейді. Бұл жергілікті тұрғындарға қаржыландыруға қол жеткізіп, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінде біз 260 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеміз, олардың 67%-ы ауылдық жерде тұрады. Клиенттеріміз ашқан кәсіпорындарда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сондықтан классикалық МҚҰ-лар микро және шағын бизнесті дамытуда тиімді құрал болып табылады және банктер үшін тартымсыз шағын жобаларды қолдай отырып, маңызды әлеуметтік функция атқарады.
Қаржылық сауаттылықты арттыру қарыздануды төмендетудің маңызды құралы болып саналады. «KMF» бұл бағытта қалай жұмыс істейді?
– «KMF» көп жылдан бері негізгі қызметімен қатар қаржылық білім беру жобаларын жүзеге асырып келеді. «KMF-Демеу» корпоративтік қоры қаржылық сауаттылық пен бизнес жүргізу бойынша тренингтер, бизнес-таңғы астар, семинарлар мен форумдар өткізеді. Жыл басынан бері біз 300 кәсіпкерге арналған 10-нан астам тренинг өткіздік. Сонымен қатар студенттер мен оқушыларға арналған дәрістер мен курстар ұйымдастырылды. Жалпы алғанда 3 мыңнан астам адам оқытылды.
Бұдан бөлек, біздің команда 18 қалаға барып, кәсіпкерлерге арналған оқыту форматындағы бизнес-таңғы астар өткізді. Жобаның аудиториясы 4 мың адамға жетті. Сонымен қатар біз студенттер мен кәсіпкерлерге арналған менторлық бағдарламаларды жүзеге асырып, «KMF Isker Hanymy» әйел кәсіпкерлерге арналған жыл сайынғы сыйлықты ұйымдастырамыз. «KMF»-тің миссиясы — клиенттердің бизнесін дамыту және өркендету, әсіресе ауылдық жерлерде қаржылық және қаржылық емес құралдарға кең қолжетімділік қамтамасыз ету. Сондықтан біздің көптеген бастамаларымыз қазақстандықтар үшін тегін және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға № 02.21.0003.M лицензиясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген.
Дереккөз Forbes.kz:
https://forbes.kz/economy/finance/shalkar_jusupov_ten_ot_plohih_kreditov_padaet_na_vsyu_mikrofinansovuyu_otrasl/?fbclid=IwAR1sYxfRdTzTiTb0hDeDMfhUuNP0sRCjhcTOJEnmQZNAzLbnBAY4mvScLYk
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.