ҚМҰҚ мүшесі «Swiss Capital» МҚҰ» ЖШС БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы желісі ұйымдастырған SDG Champions 2026 байқауында қола жүлдеге ие болды.
Байқау аясында компаниялардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі, жауапты корпоративтік басқару қағидаттарын ұстануы, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік саласындағы бастамалары бағаланады.
2023 жылдан бері БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы болып табылатын «Swiss Capital» МҚҰ» ЖШС өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде енгізіп келеді.
ҚМҰҚ «Swiss Capital» МҚҰ» ЖШС ұжымын осы жетістігімен құттықтап, алдағы бастамаларына табыс тілейді!