Алматы, 2024 жылдың 3 қыркүйегі - Қазақстандағы жетекші финтех-компания болып табылатын Solva[1] цифрлық төлем саласының әлемдік көшбасшысы Visa-мен бірігіп, ынтымақтастығын қаржы өнімдерінің цифрландыруын жылдамдатуға бағыттамақ ниетте.
Visa Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйыммен стратегиялық серіктестікке алғаш рет қол қойып отыр.
Евгений Лесняк, Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa-ның стратегиялық серіктестіктері бойынша аға директор: «Solva-мен жасасқан стратегиялық келісім – Қазақстандағы қаржы сервистерін дамытудағы маңызды кезең. Болашақта компания екінші деңгейлі банкке айналуды әрі шағын және орта бизнеске арналған өнімдерді цифрландыру жұмысын күшейтуді көздеп отыр. Біз Solva-ның миллионнан астам клиентіне Visa технологияларына, яғни одан да жедел, ыңғайлы әрі қауіпсіз төлемге жол аша отырып, бұл процесті қуана қолдаймыз».
Visa-ның озық технологияларымен бірігудің арқасында Solva клиенттері оның барлық сервистеріне қол жеткізе алады. Visa-ның инновациялық шешімдеріне негізделген байланыссыз төлем Solva қаржы сервистерінің тұтынушыларына транзакцияларды одан әрі жылдам әрі қауіпсіз жасауға мүмкіндік береді.
Solva және Visa арасындағы серіктестік – Қазақстандағы қаржылық қызметтерді цифрландыруды дамытудағы елеулі ілгері қадам. Visa-ның жаһандық деңгейде мойындалған цифрлық төлем саласындағы тәжірибесі қаржылық инклюзияға және клиенттік тәжірибені жетілдіруге ықпал етеді.
Константин Барабанов, Solva Group Ltd. бас директоры: «Visa-мен серіктестік Solva-ға және Қазақстандағы клиенттерімізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Бірлесіп жасасқан әрекетіміз цифрлық карталарымыздың тұтынушылары үшін төлем сервистерінің қызметін арттыруға, кәсіпкерлер үшін төлем мен аударымдардың транзакциялық құнын төмендетуге, кәсіпкерлер мен олардың клиенттері үшін тауар мен қызметтерді төлеудің заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Серіктестігіміз – бұл әлем бойынша шағын және орта бизнеспен жұмыс жасаудағы Visa-ның мол тәжірибесіне қол жеткізу, өйткені көп жағдайда дәл Visa ШОБ-қа арналған цифрлық төлем шешімдерін енгізудің драйвері болып табылады. Серіктестігіміз еліміз бойынша бір жарым миллионнан астам кәсіпкерге қаржы қызметтерін одан әрі қолжетімді, ыңғайлы жасауға көмектесетініне сенімдіміз».
Solva туралы
2023 жылы Қазақстанда «Жыл финтехі» атанған[2], Solva («ОнлайнҚазФинанс» МҚҰ АҚ) – кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы, ол микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады. Компания машиналық оқытуды және заманауи data science құралдарын қолданып, микро, шағын және орта бизнеске («МШОБ») айналымдағы капиталды толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға қаржыландыруды ұсынады. Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев негізін қалаған, Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне жалпы алғанда 85 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жасады. 2023 жылдың соңында Solva $20 млн көлемінде инвестицияларды тарту бойынша мәмілені жапты. Негізгі инвесторлар – ZCP қорынының серіктестерімен бірлесіп, Orascom халықаралық конгломератының иелері Савиристер.
Visa туралы
Visa (NYSE: V) — цифрлық төлем индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa 200-ден астам елдер мен аумақтардағы тұтынушылар, бизнес, қаржы және мемлекеттік ұйымдар арасындағы төлем операцияларын өңдейді. Біздің миссиямыз – тұтынушылардың әл-ауқатына және бизнес пен экономиканың өркендеуіне ықпал ету үшін инновациялық, ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру. Біз экономикадағы барлық адамдар үшін қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне және болашақта жаһандық ақша қозғалысының негізі болатынына сенімдіміз. Веб-сайттан толығырақ біліңіз: visa.com.kz.
[1] https://solva.kz/news/kompaniya-solva-priznana-finteh-kompaniej-goda-na-mezhdunarodnom-forume-digital-almaty-2023/
[2] Digital Almaty Awards 2023 рәсімінде Solva «Жыл финтехі» марапатына ие болды.
Copyright © 2005 - 2024 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.