Алматы, 2024 жылғы 4 қыркүйек — Қазақстандағы жетекші финтех-компаниялардың бірі Solva цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы Visa компаниясымен күш біріктіруде. Серіктестік қаржылық қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге бағытталған.
Visa үшін бұл — Қазақстан Республикасында микроқаржы ұйымымен алғаш рет стратегиялық серіктестікке қол қою.
Visa компаниясының Украина, Грузия, ТМД елдері және Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша стратегиялық серіктестіктер жөніндегі аға директоры Евгений Лесняк: «Solva-мен жасалған стратегиялық келісім Қазақстандағы қаржылық сервистерді дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Болашақта компания екінші деңгейлі банкке айналып, шағын және орта бизнеске арналған өнімдерді цифрландыруды күшейтуді жоспарлап отыр. Біз бұл үдерісті қолдауға қуаныштымыз, өйткені бір миллионнан астам Solva клиентіне Visa технологияларына қолжетімділік береміз, бұл төлемдерді жылдамырақ, ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді. Visa-ның озық технологияларын енгізу арқылы Solva клиенттері оның барлық сервистеріне қол жеткізеді. Visa-ның инновациялық шешімдеріне негізделген контактісіз төлемдер Solva қаржылық қызметтерін пайдаланушыларға операцияларды одан да жылдам әрі қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді».
Solva мен Visa арасындағы серіктестік Қазақстандағы қаржылық қызметтерді цифрландыруды дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Visa-ның цифрлық төлемдер саласындағы халықаралық тәжірибесі қаржылық инклюзияны дамытуға және клиенттік тәжірибені жақсартуға ықпал етеді.
Solva Group Ltd. бас директоры Константин Барабанов:«Visa-мен серіктестік Solva мен біздің Қазақстандағы клиенттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлескен күш-жігеріміз цифрлық карталар пайдаланушыларына арналған төлем сервистерінің ауқымын кеңейтуге, кәсіпкерлер үшін транзакциялық шығындарды азайтуға және тауарлар мен қызметтерге заманауи төлем тәсілдерін енгізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Сонымен қатар, бұл серіктестік бізге Visa-ның шағын және орта бизнеспен жұмыс істеудегі ауқымды халықаралық тәжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді — дәл осы компания көбінесе ШОБ үшін цифрлық төлем шешімдерін енгізудің драйвері болып табылады. Біз бұл ынтымақтастық еліміз бойынша бір жарым миллионнан астам кәсіпкер үшін қаржылық қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы етуге ықпал етеді деп сенеміз».
Solva туралы
Solva ( «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ АҚ), 2023 жылы Қазақстанда «Жыл финтехі» деп танылған, кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығының көшбасшысы болып табылады және микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады. Компания машиналық оқыту мен заманауи data science құралдарын пайдалана отырып, айналым қаражатын толықтыру және инвестициялық мақсаттарға қаржыландыру ұсынады. Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев негізін қалаған Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне жалпы сомасы 85 млрд теңгеден астам қаржыландыру берген. 2023 жылдың соңында компания $20 млн көлемінде инвестиция тартты. Негізгі инвесторлар — Orascom халықаралық конгломератының иелері Савирис әулеті және ZCP қорының серіктестері.
Visa туралы
Visa (NYSE: V) — цифрлық төлемдер саласындағы әлемдік көшбасшы. Компания 200-ден астам ел мен аумақта тұтынушылар, бизнес, қаржы ұйымдары және мемлекеттік құрылымдар арасындағы төлем операцияларын жүзеге асырады. Visa-ның миссиясы — инновациялық, ыңғайлы, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді байланыстыру, тұтынушылардың әл-ауқатын, сондай-ақ бизнестің және экономиканың өркендеуін қамтамасыз ету. Компания экономикалық жүйеге баршаға қолжетімділікті кеңейту жаһандық әл-ауқатты арттырып, болашақтағы ақша айналымының негізіне айналады деп сенеді. Толығырақ ақпарат: Visa.com.kz: Visa.com.kz.
[1] https://solva.kz/news/kompaniya-solva-priznana-finteh-kompaniej-goda-na-mezhdunarodnom-forume-digital-almaty-2023/
[2] [2] Solva Digital Almaty Awards 2023 марапаттау рәсімінде «Жыл финтехі» сыйлығын алды.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.