«Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – ҚМҰҚ) Сізге өз құрметін білдіреді және жұмысыңызға табыс тілейді!
2026 жылдан бастап микроқаржы ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) енгізіледі. Бұл – микроқаржы ұйымы қызметінің негізгі элементтерінің бірі.
Сонымен қатар ТБЖ тақырыбы көпшілік үшін күрделі, толық түсінікті емес және толық ашылмаған күйінде қалып отыр. ТБЖ енгізудің маңыздылығы мен күрделілігін түсіну оны іске асыру тәсілдерін тек нормативтік тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да пайымдауды талап етеді.
Осыған байланысты ҚМҰҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен қауымдастық мүшелері үшін МҚҰ-да тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мәселелері бойынша бір күндік оқыту семинарын өткізеді.
Өткізілетін күні: 2025 жылғы 19 маусым
Уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін
Форматы: бетпе-бет
Мекенжайы: Алматы қ., Гоголь көшесі, 111, 1-қабат, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ конференц-залы. Спикерлер: Бидайбек Нұржан Жақсыбайұлы, ҚНРДА Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры, Агенттіктің басқа бөлімшелерінің қызметкерлері.
Семинар серіктестеріміз бен қауымдастық мүшелерінің – биометриялық сәйкестендіру саласында заманауи шешімдер ұсынатын «Biometric (Биометрик)» ЖШС-нің және бизнесті автоматтандырумен, ресурстарды бөлу мен өндірістік процестердің тиімділігін арттырумен айналысатын «Soft Creation» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен тек ҚМҰҚ мүшелері үшін тегін негізде өткізіледі.
Семинар аясында жоспарланғаны:
• ТБЖ бойынша талаптарға кіріспе оқыту;
• МҚҰ-да ТБЖ құру және бейімдеу бойынша практикалық ұсынымдар;
• МҚҰ сұрақтарына жауаптар.
Семинарға қатысу үшін аты-жөніңізді, лауазымыңызды және ұйымның атауын ҚМҰҚ-тағы әріптесіміз — Адина Асылбекқызының атына жіберуіңізді сұраймыз (электрондық пошта мекенжайы: amfok.coordinator@gmail.com ; WhatsApp / қоңыраулар: +77762783175)
Сізді семинар қатысушыларының қатарында көруге қуаныштымыз және алынған білім мен ұсынымдар жұмысыңызда практикалық көмек болатынына сенімдіміз!