Қосылыңыз

R-Finance Astana International University студенттеріне қаржылық сауаттылық бойынша сабақ өткізді

ҚМҰҚ мүшесі «R-Finance» МҚҰ» ЖШС-ның бас кеңсесінде «Қаржылық сауаттылық» бағдарламасы аясында Astana International University студенттерімен кездесу өтті.

Студенттер компания командасымен және оның жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Қатысушылар үшін екі практикалық тренинг өткізілді: жеке қаржыны басқару және жинақ жасау, сондай-ақ инвестициялар мен облигациялар бойынша.

Кездесу соңында ашық сұрақ-жауап сессиясы өтіп, студенттер компания сарапшыларына өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.

Мұндай бастамалар жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және жауапты инвестициялау мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар