Қосылыңыз

Микроқаржылық омбудсман кеңсесі

2024 жылғы 1 қазанда Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы Коллекторлар қауымдастығымен, Ломбардтардың ұлттық лигасымен және Қазақстанның ФинТех қауымдастығымен бірлесіп «Микроқаржылық омбудсман кеңсесі» атты заңды тұлғаны құрды.

Кеңсе микроқаржылық омбудсманның қызметін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бұл — 2024 жылғы 19 маусымдағы «Кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен көзделген жаңа институт».

According to the Law, the microfinance ombudsman is an independent individual who resolves disputes arising from microcredit agreements concluded between a microfinance organization and an individual, upon the individual’s request, with the aim of reaching an agreement that satisfies the rights and legally protected interests of both the individual and the microfinance organization.

Микроқаржылық омбудсман қызметіне қатысты түзетулер 2024 жылғы 21 желтоқсанда күшіне енеді. Осы уақытқа дейін қауымдастықтар дайындық жұмыстарын бастап, қарыз алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бұл жаңа институтты құруға белсенді қызығушылық танытып отыр.

 

Другие новости