2022 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан микроқаржы ұйымдары қауымдастықтарының бастамасымен Орталық Азия елдерінің МҚҰ қауымдастықтарының Үйлестіру кеңесі құрылды. Оның аясында ESG қағидаттарын енгізуге бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Бұл бірлестіктің негізгі мақсаты — қатысушы елдердің МҚҰ қызметіне үздік халықаралық ESG тәжірибелерін енгізу, корпоративтік басқару сапасын арттыру, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту және микрокредиттеу секторының әлеуметтік жауапкершілігін күшейту.
Орталық Азия елдерінің МҚҰ Үйлестіру кеңесі аясында, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) қолдауымен 14–16 тамыз аралығында Алматы қаласында ESG тәжірибелерін дамытуға арналған IFC интеграцияланған бағдарламасы бойынша оқытудың екінші кезеңі өткізіледі.
Оқытудың мақсаты — Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) микроқаржы ұйымдарымен жұмыс істейтін іріктелген консультанттардың ESG саласындағы сараптамалық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг қатысушылары қаржы ұйымдарындағы тұрақты даму сапасын бағалауға қажетті заманауи білім мен дағдыларды меңгереді, ESG трансформациясының қазіргі трендтері мен тәжірибесін терең түсінеді:
• Тұрақты даму және ESG трансформациясының заманауи тұжырымдамалары мен трендтерін түсініп, талдауды
• Ұйымдарда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын қолдану аясындағы білімдерін кеңейтуді
• IFC әдіснамасы негізінде клиент ұйымдардың ESG тәжірибелерін диагностикалау дағдыларын меңгеруді
• МҚҰ корпоративтік басқару ерекшеліктерін ескере отырып ESG тәуекелдерін бағалауды үйренеді
Оқудан кейін консультанттар алдағы бір жарым жыл ішінде Орталық Азия елдеріндегі 20 және одан да көп қаржы институттарында ESG қағидаттары мен стандарттарын енгізетін болады.
Кәсіпкерлікті және бизнес ортаны дамыту жобасының қолдауымен алдағы 2–3 жыл ішінде микро, шағын және орта бизнеске 25 млн АҚШ долларынан астам қаржыландыру тарту күтілуде.
Бағдарлама аясында Орталық Азия мен Қазақстаннан 25-тен астам бизнес-тренер оқытылды, олар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан МҚҰ қауымдастықтарының Альянсы шеңберінде ESG қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізеді.
Қазақстан тарапынан АМФОК мүшелері болып табылатын 20-дан астам микроқаржы ұйымы ESG енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысады.
Төрт қауымдастықтың бірлескен жұмысының алғашқы маңызды нәтижелерін көру қуантады.
Бірлесіп, ESG бойынша үздік халықаралық тәжірибелерге сай келетін ашық, әлеуметтік жауапты және кәсіби микрокредиттеу нарығын қалыптастырамыз деп сенеміз!
Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан МҚҰ қауымдастықтарындағы әріптестерімізге достық әрі нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.
Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан МҚҰ қауымдастықтарындағы әріптестерімізге достық әрі нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.