Бүгін, 2024 жылғы 18 қазанда, Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (ҚМҰҚ) мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Кездесу барысында маңызды мәселелер қарастырылды, оның ішінде Қауымдастық Жарғысын жаңа редакцияда бекіту, сондай-ақ ҚМҰҚ Кеңесінің мүшелері мен Төрағасын сайлау .
Қауымдастық Кеңесі келесі құрамда сайланды:
Кеңес төрағасы — Омарханов Ербол Секенұлы
Кеңес мүшелері:
Жусупов Шалқар Аманғосұлы
Досымханов Жеңісбек Айдарбекұлы
Жақыпова Жанна Болатханқызы
Курбаналиева Раушан Ниетқабылқызы
Кушнарева Ирина Александровна
Омаров Руслан Жеңісұлы
Хайрлыбаева Жұмағұл Бейсембайқызы
Барлық қатысушыларға белсенді қатысуы мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз!