Қосылыңыз

ҚМҰҚ мүшелерінің жалпы жиналысы

2022 жылғы 8 маусымда COVID-19 карантині енгізілгеннен кейін алғаш рет ҚМҰҚ мүшелерінің жалпы жиналысы өтті.

Жиналысқа Қауымдастықтың 70 мүшесінің 40-ы тіркелді.

Жалпы жиналыста 2 жыл мерзімге ҚМҰҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Кеңес құрамына 9 адам кірді, бұл алдыңғы құраммен салыстырғанда 2 адамға көп.

Директорлар кеңесіне жиналысқа қатысқан ҚМҰҚ мүшелерінің ең көп дауысын алған келесі кандидаттар кірді:

  1. Жүсіпов Шалқар Аманғосұлы (38 дауыс)
  2. Хайрлыбаева Жұмағұл Бейсембайқызы (22 дауыс)
  3. Жақыпова Жанна Болатханқызы (33 дауыс)
  4. Құрбаналиева Раушан Ниетқабылқызы (35 дауыс)
  5. Карменов Берік Абдрахманұлы (27 дауыс)
  6. Досымханов Жеңісбек Айдарбекұлы (33 дауыс)
  7. Константин Барабанов (26 дауыс)
  8. Нұрғалиева Әсем Болатжанқызы (37 дауыс)
  9. Глухов Анатолий Леонидович (37 дауыс)

Айта кету керек, ҚМҰҚ мүшелерінің жалпы санынан директорлар кеңесіне кандидат ретінде барлығы 13 өкіл ұсынылды. Бір ұйымнан бір өкіл қағидаты сақталды.

Сонымен қатар, жиналыста ҚМҰҚ-тың келесі құжаттары жаңа редакцияда бекітілді:

  1. ҚМҰҚ Жарғысы
  2. ҚМҰҚ мүшелерінің Әдеп кодексі
  3. ҚМҰҚ Директорлар кеңесі туралы ереже

ҚМҰҚ-тың есептері тыңдалды, оның ішінде 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп ұсынылды. Қатысушылар ҚМҰҚ-тың реттеушілік жүктемені оңтайландыру бағытындағы күш-жігерін атап өтті. Бұл жұмыстардың басым бөлігі сәтті аяқталып, Қазақстан Республикасының микрокредиттеу саласындағы заңнамасының 17-ден астам тармағы бойынша оңтайландыру жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, ҚМҰҚ мүшелерінің жалпы жиналысында 2022–2023 жылдарға арналған қызметтің басым бағыттары ұсынылып, бекітілді. Негізгі мақсаттар:

  1. МҚҰ-ларды ішкі және сыртқы қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету
  2. МҚҰ әлеуетін кеңейту бойынша ҚМҰҚ бастамаларын іске асыру
  3. МҚҰ секторына түсетін реттеушілік жүктемені оңтайландыру
  4. Микрокредиттеу секторының дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою
  5. ҚМҰҚ мәртебесін арттыру және микрофинанс саласын насихаттау
  6. ҚМҰҚ мүшелерінің қызығушылығын арттыру және олардың санын көбейту
  7. ҚМҰҚ-тың халықаралық ынтымақтастығын дамыту

Жалпы жиналыс аяқталғаннан кейін «Микрокредит беру шарттары бойынша берешекті атқарушылық жазба арқылы өндіріп алу мәселелері» тақырыбында ашық форматтағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге:

  1. Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы – Арап А.С.
  2. Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары – Базарбаев К.Б.
  3. Алматы қаласының Нотариалдық палатасының төрайымы – Калабаева К.К.
  4. Алматы қаласының жетекші нотариустары, оның ішінде Асаинова Л.

Микрокредиттеу секторының өкілдері атқарушылық жазба арқылы берешекті өндіріп алу мәселелерін тікелей осы процеске қатысушылармен және реттеуші орган өкілдерімен бірге талқылау мүмкіндігіне ие болды.

Басқа жаңалықтар