CreditPlus.kz жаңалықтары: «Қарызсыз күз»
Құрылған сәттен бастап CreditPlus.kz өз қызметінде еуропалық даму тәжірибесін қолдана отырып, микрокредиттеу саласында үздік өнімдердің бірін ұсынады және клиентке бағытталған қызметті ұстанады. Компания түрлі клиенттік сегменттерге, соның ішінде банктік кредитке қолжетімділігі шектеулі тұлғаларға да ыңғайлы әрі жылдам қаржылық шешімдер ұсынады. CreditPlus.kz IT, қаржы технологиялары және клиенттік сервис саласындағы соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, қаржылық қызметтер спектрін үнемі кеңейтіп келеді.
Қазақстан Республикасында адал және ашық бизнесті дамыту маңыздылығын ескере отырып, компания осы бағытта жұмыс істейтін ұйымдармен тығыз байланыста. CreditPlus.kz «АМФОК» қауымдастығының мүшесі болып табылады. Қауымдастық қызметі өз мүшелерінің және жалпы микроқаржы секторының мүдделерін қорғауға және дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылып, алдағы уақытта жаңа жоспарлар қарастырылған.
Компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бағыты — әлеуметтік жауапкершілік. CreditPlus.kz гуманитарлық бастамаларды және әлеуметтік құндылықтарды қолдай отырып, нақты істерімен дәлелдейді: қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, ардагерлерді қолдау, қаланы жақсартуға бағытталған түрлі акцияларға қатысу. Соңғы іс-шаралардың қатарында Алматы қаласында жаңа аллеяға ағаш отырғызу акциясына қатысу, ішкі істер органдарының ардагерлерін қолдау, «Нұр» отбасылық балалар үйіне қамқорлық жасау және басқа да қайырымдылық шаралар бар.
Әлеуметтік бастамалар аясында және Қазақстан азаматтарының қарыз жүктемесін азайту мақсатында CreditPlus.kz Конституция күніне орай есептелген пайыздар мен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша бір реттік акцияны іске қосады.
Бұл акция проблемалық қарызы бар клиенттер үшін оны реттеудің тиімді мүмкіндігі болады.
Акцияға 2023 жылғы 30 тамыз жағдайы бойынша (қоса алғанда) микрокредиттер бойынша 90 күн және одан да көп мерзімі өткен берешегі бар, қиын қаржылық жағдайға тап болған CreditPlus.kz клиенттері қатыса алады.
Акция шарттарына сәйкес, клиент 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін микрокредиттің негізгі қарызын өтеген жағдайда, барлық есептелген пайыздар мен өсімпұлдар толық есептен шығарылады.
Акцияға қатысу үшін клиент міндетті түрде +77007771707 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуы немесе info@creditplus.kz поштасына өтініш жіберуі қажет.
«Kredit Seven Kazakhstan (Кредит Севен Казахстан)» МҚҰ ЖШС-нің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға № 02.21.0010.M лицензиясы бар, ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік басқармасымен берілген
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.