Дүниежүзілік донорлар күні аясында Dengiclick.kz компаниясы Қан орталығы ұйымдастырған қайырымдылық бастаманың серіктесі болды.
Ұйымдастырушылардың сұранысы бойынша құрметті донорлар мен алғаш рет қан тапсырғандарға арналған брендтелген футболкаларды дайындау үшін 150 000 теңге бөлінді. Сонымен қатар, өз бастамамызбен акция қатысушыларына жағымды сыйлықтар — блокноттар, брелоктар, шоколад және басқа да брендтелген өнімдер дайындалып, табысталды.
Алайда біздің қолдауымыз тек демеушілік көмектен ғана шектелген жоқ. Бас кеңсе қызметкерлері донорлық акцияға белсенді қатысып, жалпы көлемі шамамен 11 литр қан тапсырды.
Біз тек қаржылай ғана емес, жеке қатысу арқылы да үлес қосқанымызды мақтан тұтамыз. Донор болу — біреудің өмірін құтқару мүмкіндігі, және біз бұл маңызды әрі игі іске қуана атсалыстық.

Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.