Қосылыңыз

Debex халықаралық онлайн-аукционы, мерзімі өткен қарыздар мен кепіл мүлкін сатуға маманданған, Қазақстан Республикасында жұмысын бастайды

2025 жылғы 29 шілде, Қазақстан. Debex — мерзімі өткен қарыз міндеттемелері мен кепіл мүлкін сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін халықаралық онлайн-аукцион — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен ресми жұмыс істеуге рұқсат алды. Электрондық алаңда қазірдің өзінде 157 нарық қатысушысы тіркелген, олардың ішінде Қазақстанның 10 ірі банкі мен микроқаржы ұйымдары бар. Кепіл мүлкі бойынша алғашқы сәтті сауда-саттық 24 шілдеде өтті: лот ретінде ауданы 103,1 ш.м тұрғын пәтер ұсынылып, құны 40 120 000 теңгені құрады, сатушы — «Еуразиялық Банк» АҚ.

 

 

Debex онлайн-аукцион форматында жұмыс істейді, онда банктер, микроқаржы ұйымдары және мерзімі өткен берешекті өндіріп алумен айналысатын кәсіби ұйымдар қарыз портфельдерін, сондай-ақ кепіл мүлкін (пәтерлер, үйлер, көлік құралдары, бағалы қағаздар) сатуға шығарады. Қарыз кейстерін сатып алушылар ретінде аукцион алаңында тіркелген заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. 

 

Қазіргі уақытта алаңда 10 банк, 46 микроқаржы ұйымы, 49 коллекторлық агенттік, Қазақстанның қарыз нарығында қызмет ететін 45 басқа заңды тұлға, сондай-ақ жеке тұлғалар тіркелген.

 

«Debex Еуропада, АҚШ-та, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Латын Америкасында табысты жұмыс істейді. Біз заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, цессия нарығының өркениетті дамуын қолдаймыз. Debex үшін Қазақстан нарығына шығу оңай болған жоқ және шамамен төрт жыл уақыт алды. Алайда енді біз қазақстандық алаңда қарыздар мен кепіл мүлкі бойынша аукциондарды толық іске қосуға дайынбыз. Debex-тің негізгі мақсаттарының бірі — шетелдік инвесторларды тарту: саудаға Қазақстаннан да, халықаралық ойыншылар да қатыса алады», — деді Debex бас директоры Марат Брук.

 

Алаңда сатылымға банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың, банктердің еншілес ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының мүлкі, мерзімі өткен тұтынушылық қарыздар мен несиелер ұсынылатын болады.

Debex - 2019 жылы құрылған мерзімі өткен берешекті сатуға арналған халықаралық онлайн-платформа. Компания заңды тұлғалармен жұмыс істеп, Ресейде, Испанияда, АҚШ-та, Мексикада, Қазақстанда, Вьетнамда және Филиппинде қарыз портфельдерін сату бойынша онлайн-аукциондарды ұйымдастыру қызметтерін ұсынады.

 

Другие новости