Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (АМФОК) директоры Ербол Омарханов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің халықтың қарыздануын төмендету және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастамаларына пікір білдірді, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі.
Еске салайық, 20 қазанда өткен парламенттік тыңдауларда Агенттік төрайымы Мадина Әбілқасымова халықтың шамадан тыс қарыздануын төмендету шаралары туралы айтты. Оның айтуынша, 90 күннен астам мерзімі өткен банктік қарыздардың үлесі 5,2%-ды немесе 0,5 трлн теңгені құрайды. Мерзімі өткен қарыздары бар қарыз алушылар саны 516 мың адамға жеткен. Микроқаржы секторында 90 күннен астам мерзімі өткен қарызы бар қарыз алушылар саны 347 мың адамды құрайды. Азаматтардың қарыз жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеу және тұтынушылық кредиттеу саласындағы тәуекелдерді азайту мақсатында Агенттік заңнамалық деңгейде бірқатар жаңа нормаларды енгізуді ұсынады, соның ішінде: тұтынушылық кредиттің ең жоғары сомасын шектеу, тәуекел-салмақ коэффициенттерін арттыру, қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентін есептеу қағидаларын қатаңдату, сондай-ақ «жалақыға дейінгі» микрокредиттерге тыйым салу.
Мақаланың толық нұсқасымен сілтеме арқылы танысуға болады:
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.