Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірледі, ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл ел бойынша жұмыс істейді. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery арқылы жүктеп алуға болады. Бүгінгі таңда пайдаланушылар саны 27 мыңнан асты.
«e-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салықтық рәсімдерді жеңілдетті.
Мобильді қосымшаның функционалы мыналарға мүмкіндік береді:
1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;
2) мобильді қосымша арқылы чек беру (БКМ чектеріне балама);
3) ЖК кірістерін есепке алу (қосымша чектері негізінде);
4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу;
5) жалдамалы қызметкерлерді және олардың кірістерін есепке алу;
6) оңайлатылған декларацияны тапсыру (910.00 нысаны бойынша салықтық есептілік);
7) ЖК-ны оңайлатылған тәртіппен жабу.
Сонымен қатар, «e-Salyq Business» қосымшасында ыңғайлы сервистер іске асырылған, олардың көмегімен салық органдарының хабарламаларын алуға, бірнеше салықты бір төлем құжаты арқылы төлеуге, қате немесе артық төленген салық сомаларын есепке алу мен қайтаруды жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, әртүрлі анықтамаларды алуға болады: ЖК ретінде тіркелу туралы, ЖК кірістері туралы, қызметкерлердің кірістері туралы. Бұл анықтамалардың барлығы талап етілетін орындарға ұсынуға арналған. Осылайша, аталған мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық салу өмірлік циклінің барлық кезеңдерін кезең-кезеңімен жүзеге асыру қарастырылған.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.