Қосылыңыз

KMF тұрақты МСБ қаржыландыру саласындағы жетекші ұйымдардың бірі ретінде танылды

KMF компаниясын SME Banking Agency халықаралық ұйымының бағалауы бойынша Орталық Азиядағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін 48 қаржы институтының талдауы нәтижесінде көшбасшылар қатарына енгенімен құттықтаймыз!

Шорт-листке Қазақстаннан 11 ұйым енді, олардың ішінде KMF жетекші орындардың бірін иеленді.

✅ Сарапшылар атап өткен негізгі артықшылықтар:
• шағын бизнеспен жұмыс істеудегі терең сараптама және көпжылдық тәжірибе;
• шалғай өңірлерде де қызметтердің қолжетімділігі;
• дәстүрлі банктер қамтымаған клиенттерге бағытталуы;
• білім беру бағдарламаларын енгізу және жауапты бизнесті дамыту.

Бұл нәтиже KMF компаниясының Қазақстандағы бизнесті, оның ішінде агросектордағы МСБ-ны қолдауға және тұрақты қаржылық шешімдерді дамытуға бағытталған стратегиялық бағытын растайды.

 

 

 

Другие новости