Қосылыңыз

Jet Finance 2024 жылғы қаржылық есептілігін жариялады – активтер 3 еседен астам өсті, пайда 650 млн теңге

Қазақстан микроқаржы нарығындағы ең серпінді ойыншылардың бірі — Jet Finance (заңды тұлға: «Мого Казахстан» МҚҰ» ЖШС) 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Компания барлық негізгі көрсеткіштер бойынша әсерлі өсімді тіркеп, бизнестің сенімді ауқымдануын көрсетті: активтер үш еседен астам өсті, таза пайда 650 млн теңгеден асты, несие портфелі 3 есе ұлғайды. Балама қаржылық қызметтерге қызығушылық артып келе жатқан жағдайда Jet Finance нарықтың технологиялық және клиентке бағдарланған көшбасшысы позициясын иеленіп отыр.

Жарияланған деректерге сәйкес, компания барлық негізгі көрсеткіштер бойынша сенімді өсімді көрсетті:

  • Жиынтық активтер үш еседен астам өсті — 6,5 млрд теңгеден 23,1 млрд теңгеге дейін;
  • Меншікті капитал 1,36 млрд теңгеден 4,76 млрд теңгеге дейін ұлғайды;
  • Таза пайда 650,5 млн теңгені құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен (266,6 млн теңге) екі еседен астам асып түсті;
  • ИКРА көрсеткіші 21,3% құрады.

Jet Finance негізін қалаушы әрі бас директоры Азамат Сейтбековтің пікірі:

«2023 жылдан бері біздің несие портфеліміз 3 есе ұлғайды, 2024 жылы жалпы табыс 144%-ға өсті. Бұл сандардың артында — команданың орасан зор еңбегі, мықты аналитика және технологиялар. Біз жаңа нарықтарға шығуға және жаңа өнімдерді іске қосуға назар аударуды жалғастырамыз. Бұл ретте клиенттерге мінсіз қызмет көрсету және оларға өмірлік мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыруға көмектесу біз үшін өзгермейтін құндылық болып қала береді».

Басқа жаңалықтар