Қосылыңыз

ҚМҰҚ Кеңесінің жаңа құрамы сайланды

2026 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (ҚМҰҚ ) кезекті Жалпы мүшелер жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ҚМҰҚ Кеңесінің мүшелері мен Кеңес Төрағасын сайлау болды.

 

Жиналыс қорытындысы бойынша ҚМҰҚ Кеңесінің жаңа құрамы сайланды:

 

• Ахметсадыков Мират Еркинбекович — «MOST» МҚҰ» ЖШС

• Прашева Айша Гилимовна — «Sapa Digital Finance» МҚҰ» ЖШС

• Жакупова Жанна Болатхановна — «Азиатский кредитный фонд» МҚҰ» ЖШС

• Курбаналиева Раушан Ниеткабыловна — «Арнур Кредит» МҚҰ» ЖШС

• Кушнарева Ирина Александровна — Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ)

• Беков Айдос Серикович — Бірінші кредиттік бюро (БКБ)

 

ҚМҰҚ Кеңесінің Төрағасы болып Омарханов Ербол Секенович сайланды.

 

Жаңадан сайланған Кеңес мүшелерін құттықтаймыз және Қазақстанның микроқаржы секторын одан әрі дамыту жолындағы жұмыстарына табыс тілейміз! ҚМҰҚ мүшелеріне белсенді қатысқаны, сенімі және Қауымдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

 

Сондай-ақ іс-шараның өтуіне қолдау көрсетіп, үлес қосқан демеушіміз Infobip компаниясына ерекше алғысымызды білдіреміз. Серіктестік пен қолдауларыңыз үшін рақмет!

Басқа жаңалықтар