2024 жылғы 4 шілдеде Rixos Almaty қонақ үйінде Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (АМФОК) 20 жылдығына арналған форум өтеді!
Форум аясында Қазақстан Республикасының микроқаржы секторының негізгі жетістіктері мен оның алдағы даму перспективалары талқыланады. Сонымен қатар, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытудағы МҚҰ секторының рөліне ерекше назар аударылады.
Форумға шақырылған қатысушылар: микроқаржы секторының өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы микроқаржылық қызметтер нарығының серіктестері мен инвесторлары.
Өткізіп алмаңыз! Форумға тіркелу сілтеме арқылы: https://forum-2024.amfok.kz/
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.