Қосылыңыз

Ұлттық валюта күніне арналған бизнес-таңғы ас

Жылы әрі бейресми атмосферада Ұлттық валюта күніне орай бизнес-таңғы ас өтті. Қатысушылар микроқаржы нарығының өзекті мәселелерін, АМФОК-тың даму жоспарларын талқылап, жеке деректерді шифрлауға арналған жаңа IT-шешіммен танысты. Қолдау көрсеткені үшін NOVA CLOUD серіктестерімізге ерекше алғыс білдіреміз! Мұндай кездесулер тек тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді, бұл бүкіл микроқаржы қауымдастығының дамуына өз үлесін қосады.
Қаржыгерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында АМФОК-тың бірқатар мүшелеріне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Әбілқасымова М.Е.-нің Қазақстандағы микроқаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.

 

 

Другие новости