Қосылыңыз

BIKESH 2026: әйелдер кәсіпкерлігін қолдау

9 қазанда Шымкент қаласында ҚМҰҚ мүшесі — «Arnur Credit» МҚҰ ұйымдастырған BIKESH 2026 марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара «Сырласу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама барысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, отбасылық бизнесті қолдау және қаржыландыру құралдарының қолжетімділігі мәселелері талқыланды.

2026 жылы «Сырласу» жобасы аясында Қазақстан бойынша Arnur Credit ұйымының 9 филиалында 36 білім беру семинары мен іскерлік кездесу өткізіліп, оларға 800-ге жуық әйел қатысты.

Іс-шара соңында кәсіпкерлік саласында жетістіктерге жеткен және жобаға белсенді қатысқан әйелдер BIKESH 2026 сыйлығымен марапатталды.

Мұндай бастамалар әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға, тәжірибе алмасуға және қаржылық инклюзияны дамытуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар