«Азиатский Кредитный Фонд» микроқаржы компаниясы 27 қарашада алғаш рет Қазақстанның қор нарығына шығып, инвесторларға Қазақстан қор биржасында (KASE) облигациялар ұсынады.
Облигациялық бағдарламаның жалпы көлемі — 6 млрд теңге.
Бағдарлама шеңберіндегі алғашқы шығарылым көлемі — 2 млрд теңге
Тикер: MFCF, биржа — KASE.
Номиналды құны — 1000 теңге
Купон төлемдерінің жиілігі — тоқсан сайын (жылына 4 рет)
АКФ облигацияларын сатып алу үшін инвесторға Ұлттық банк немесе Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кез келген брокерлік компанияда шот ашып, облигацияларды сатып алуға өтінім беру қажетs.
Компания туралы толық ақпаратты
https://asiancreditfund.com/ сайтынан немесе 5061 қысқа нөмірі арқылы, сондай-ақ KASE сайтындағы «Эмитенттер» бөлімінен алуға болады.