Қосылыңыз

Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығына 20 жыл!

Тура 20 жыл бұрын, 2004 жылғы 20 ақпанда жетекші микроқаржы ұйымдарының бастамасымен олардың мүдделерін қорғау және ұсыну мақсатында Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (АМФОК) құрылды.

Осы уақыт ішінде АМФОК ауқымды жұмыс атқарып, микрокредиттеу секторын дамыту мен шоғырландыру мәселелерінде өзінің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде АМФОК құрамына кредиттік портфель бойынша нарықтың 92%-ын қамтитын 72 МҚҰ, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Бірінші кредиттік бюро және басқа да ұйымдарды қамтитын тоғыз қауымдастырылған мүше кіреді.      

Қатысушылардың белсенді жұмысының арқасында микрокредиттеу нарығы өзінің дамуында маңызды кезеңдерден өтіп, реттелмеген микроқаржылық қызметтер секторынан лицензияланатын қызмет түріне дейін эволюциядан өтті, сондай-ақ МҚҰ-ны банкке айналдыру мүмкіндігіне қол жеткізді.

Қауымдастық микроқаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысып, олардың дамуына бағытталған бірқатар түзетулерді бастамашылық етті.

АМФОК жақын және алыс шетелдердегі МҚҰ қауымдастықтарымен және серіктестерімен белсенді ынтымақтастық орнатып, Польшадағы Микроқаржы орталығының мүшесі болып табылады. 2022 жылы АМФОК бастамасымен Орталық Азия елдері қауымдастықтарының Үйлестіру кеңесі құрылды, оның аясында тұрақты даму, ESG, «жасыл» және әлеуметтік жауапты микроқаржыландыру бағытында ірі халықаралық жобалар іске асырылатын болады.

Қауымдастық «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі болып табылады, сондай-ақ микроқаржылық қызмет және МҚҰ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар береді.  

АМФОК-тың негізгі құрамын 20 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік бағыттағы миссиясын ұстанып келе жатқан, шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосатын және дәстүрлі әлеуметтік жауапты микрокредиттеуді жүзеге асыратын компаниялар құрайды.

Осыған байланысты АМФОК-тың басты мақсаты — ашық, әлеуметтік бағытталған және өркениетті микроқаржылық қызметтер нарығын қалыптастыру.

Қысқаша айтқанда, Қазақстандағы микрокредиттеудің жиырма жылдан астам тарихы барысында АМФОК осы саладағы барлық маңызды оқиғалардың тікелей қатысушысы болып, МҚҰ мен мемлекеттік органдар, іскер серіктестер және басқа да мүдделі тараптар арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, қауымдастық нарық қатысушыларын біріктіру, МҚҰ әлеуетін кеңейту, қаржылық инклюзияны дамыту және әсіресе ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті серіктестер, әріптестер және достар, Сіздерге жемісті ынтымақтастық, сенім және қолдау үшін алғыс білдіреміз!

 

АМФОК — 20 жыл бірге! Бірлікте — өркендеуге!           

 

 

Другие новости