2024 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Сараптамалық кеңесті құрды. Оның мақсаты — халықтың қаржылық білімдері мен дағдыларын дамыту үшін жетекші мамандарды, сарапшыларды, қаржы секторы мен азаматтық қоғам өкілдерін тарту.
ҚМҰҚ-тың Сараптамалық кеңес құрамына енгізілгенін қуанышпен хабарлаймыз. Бұл ҚМҰҚ-қа халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау бойынша жаңа тәсілдерді қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.