Қосылыңыз

ҚМҰҚ ағаш отырғызу іс-шарасын ұйымдастырды

8 сәуірде Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (ҚМҰҚ) компаниялар өкілдерімен және журналистермен бірлесіп ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Іс-шара микроқаржы нарығында ESG қағидаттарын дамыту және енгізу бағдарламасы аясында іске асырылды.
Жасыл аллея Алматыдағы Ашимов көшесінің маңында пайда болды. Қатысушылар бірлескен күш-жігермен «Райка декоративная» сортты жүзге жуық алма ағашын отырғызып, осылайша қаланы көгалдандыруға және экологиясын қолдауға шағын үлес қосты.
Ағаш отырғызу акциямыз арқылы біз МҚҰ-лар осы міндеттемелерді өз мойнына алуға және қоғамға пайда әкелетін, қалалық ортаны жақсартатын экологиялық бастамаларды қолдауға дайын екенін айтқымыз келеді».
ESG дамыту бағдарламасы – компаниялар мен бизнестің экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласындағы тұрақты дамуын білдіреді. Қазіргі әлемде ESG қағидаттарын ұстану кәсіпорындарға инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде табиғатқа жауапкершілікпен қарау, әлеуметтік жауапкершілік және бизнесті жүргізудің ашықтығы есебінен.
Бұл акцияны қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосқысы келген және бизнесті әлеуметтік жауапкершілікпен жүргізу қағидаттарын ұстанатын Қауымдастықтың ең белсенді мүшелері қолдады:

• «KMF» МҚҰ
• «Credit365 Kazakhstan» (Кредит 365 Казахстан) МҚҰ
• «Kredit Seven Kazakhstan» (Кредит Севен Казахстан) МҚҰ
• «ВЗАЙМЫ» МҚҰ
• БиЭнКей Финанс Казахстан (BNK Finance Kazakhstan) МҚҰ
• «Робокэш.кз» МҚҰ
• «SOFI FINANCE (СОФИ ФИНАНС)» МҚҰ
• «Юникредо» МҚҰ
• «Деньги говорят» МҚҰ
• «Rangeld finance» МҚҰ
• «TAS FINANCE GROUP» (ТАС ФИНАНС ГРУПП) МҚҰ

Басқа жаңалықтар