30 қазанда Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығы (ҚМҰҚ) «Қазпошта» АҚ-ның шақыруымен Астанада өткен QazPost Day іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында ұлттық пошта операторының жаңа өнімдері, цифрлық сервистері мен технологиялық шешімдері таныстырылды. Сондай-ақ қатысушылар қызметтерді дамыту және әріптестік өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
Қаржы секторын цифрландыру жағдайында мұндай алаңдар заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен танысуға және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға ықпал етеді.