Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған Жаңа экономикалық саясат аясында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесі және банктердің тұтынушылық кредиттеуге басымдық беруі мәселесі көтерілді. Осыған байланысты, негізінен ауылдық жерлерде микро және шағын бизнесті қолдауға бағытталған микроқаржы ұйымдарының қызметі ерекше маңызға ие болып отыр. Дәстүрлі түрде микроқаржыландыру — өз ісін дамыту үшін банктік кредит алуға мүмкіндігі жоқ халықтың белгілі бір бөлігіне қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту арқылы іскерлік белсенділікті арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты USAID ұйымдастырған дөңгелек үстелде USAID/FGI командасы дайындаған есеп таныстырылды, онда Қазақстандағы микроқаржыландыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы талдау нәтижелері көрсетілген. Есепте әзірленген бірқатар ұсынымдар қамтылған, олар да дөңгелек үстел барысында ұсынылды. Дөңгелек үстел форматы барлық мүдделі тараптар арасында белсенді диалог пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды, бұл өз кезегінде секторды дамытуда нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін серіктестік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.
Дөңгелек үстелге ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.А. Абдрахманов, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М.Т. Такиев, АМФОК Директорлар кеңесінің төрағасы Ш.А. Жүсіпов, Аграрлық кредиттік корпорация төрағасының орынбасары А.Е. Досқараев, «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Е.А. Ескаков, сондай-ақ ірі МҚҰ өкілдері, Бірінші кредиттік бюро және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жолданатын қорытынды хаттама дайындалады.
USAID есебімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Copyright © 2005 - 2026 Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы. Барлық құқықтар сақталған.