Қосылыңыз

15 қыркүйекте АМФОК қатысушыларының жалпы жиналысы өтті

15 қыркүйекте Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (АМФОК) қатысушыларының жалпы жиналысы өтті, онда 2022–2023 жылдардағы атқарылған жұмыстар туралы есеп және қауымдастық қызметінің негізгі бағыттары бекітілді.
Жалпы жиналыста АМФОК Директорлар кеңесінің екі жаңа мүшесі сайланды: Руслан Омаров — «Бірінші кредиттік бюроның» бас директоры және Ирина Кушнарева — «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» кеңесі төрағасының бірінші орынбасары.
Руслан Жеңісұлы мен Ирина Александровнаның қаржы секторындағы мол тәжірибесі және жоғары кәсібилігі АМФОК-тың алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге сөзсіз үлес қосады. «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығына» және «Бірінші кредиттік бюроға» қолдау мен ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

Другие новости